Алдағы демалыс күндері еліміздің басым аймақтарында ыстық ауа райы сақталады. Орталық Қазақстанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік өңірлердің кей бөлігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, жел тұрады. Шығыс Қазақстанда да осындай ауа райы болады, ауа температурасы 24-27 градуқа дейін көтеріледі. Оңтүстік аймақтарда жауын шашынсыз, күндіз 34-37, ал, түнде 22-24 градусқа дейін ысиды. Батыс Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, термометр бағаны 23-27 градус ыстықты көрсетеді деген болжам бар.
Оңғар АЛПЫСБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Демалыс күндері ыстық ауа райы сақталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55614/)