ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Орал өңіріндегі өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. 2 жыл бұрын іске қосылған трансформатор зауытында жұмыс шираған. Дайын өнімнің 90 пайыздан астамы Ресейге экспортталуда. Іргелі кәсіпорынды маманмен қамту мәселесі дуалды оқыту арқылы шешілген. Өнімі сұранысқа ие кәсіпорынның бірі – «Квант» серіктестігі. Мұндағы жиһаз фабрикасында 500-дей адам еңбек етеді. Өндіріс Индустрияландыру картасына енген. Қос өнеркәсіптің әлеуетімен танысқан депутаттар Орал қаласындағы әлеуметтік-спорттық нысандарды да аралады. Өткен жылы ашылған Оқушылар сарайы 1500 баланы мектептен тыс қосымша біліммен қамтыса, Теннис орталығында 300 балғын жаттығады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәжіліс депутаттары Орал өңіріндегі өндірістік және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55640/)