Алдағы бес жылда 234 мың адам немесе 59 мың отбасы оңтүстіктен солтүстік және шығыс облыстарға көшеді. Қоныс аударуға ниет білдіргендерге Үкімет жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы бүгін Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
Атап айтсақ, қоныс аударған әрбір отбасыға 80 мың теңгеге жуық қаржы және Үкімет есебінен бір жылдық пәтерақы мен коммуналдық қызметтер ақысы төленеді. Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» құны 2 миллион теңгелік сертификаттар беру де көзделуде. Оны азаматтар баспана аларда бастапқы жарна ретінде қолдана алады. Бұдан бөлек, конкурстан тыс жер телімдерін беру мен тың идеясы бар азаматтарға 5 миллион теңгедей қайтарымсыз грант беру жайы қарастырылуда. Аталған әдіспен биыл 300 отбасы оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бес жылда оңтүстік өңірден солтүстікке және шығысқа 59 мың отбасы көшеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55652/)