Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, бір әйел қайтыс болды. Оқиға кеше таңғы 08:00-де «Орбита-4» ықшамауданындағы 11-ші үйдің төртінші қабатында болған. Жарылыс салдарынан терезелер шағылып, есіктер сынған. Екі адам зардап шегіп, 4-ші клиникалық ауруханаға жеткізілген.
Жарақат алғандардың бірі - зейнеткер әйел ауруханада көз жұмды. Ал, «екінші науқастың жағдайы қазір ауыр», - дейді дәрігерлер.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, бір адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55662/)