Өндіріс орны Даниядан әкелінген ең соңғы үлгідегі аппаратпен өнімнің сапасын жақсартып, өнімділігін ұлғайтпақшы.
Мемлекеттен қолдау көрген кәсіпорын ұжымы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жаңа желі ашты. Мұнда тәулігіне 70 тоннадан артық балмұздақ өндіріледі. Ерекшелігі сол, автоматтандырылған жүйе тәтті мұзды әзірлеп, оны қаптайды. Дұрысы, адам күшін қажет етпейді. Сондай-ақ, күрделі және дәміне қарай инновациялық балмұздақ та шығарады.
Мәселен, осы аппарат арқылы өндірілетін әр түрлі дәмі бар көп қатпарлы айрықша балмұздақ қазір тек Америка мен Еуропада жасайды.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда ТМД-дағы ең үздік балмұздақтар шығарыла бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55673/)