Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданына қарасты Баршатас ауылының жолы сын көтермейді. Республикалық деңгейдегі тасжолдың жөндеу көрмегеніне жарты ғасырға жуық уақыт болған. Соның салдарынан тұрғындар 200 шақырым қашықтықта орналасқан аудан орталығына 4-5 сағат жүріп, әзер жетеді.
Сондай-ақ, ұялы байланыс та нашар. Ал, интернет туралы айтудың өзі мұң. Көпшілік өздерін алаңдатқан мәселелерді өңірге арнайы барған депутаттарға жеткізді.
Дарын САҒИТОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Баршатас халқы жол азабын тартып отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55680/)