Батыс Қазақстан облысының Дариян ауылы шілденің ортасында ақ қардың астында қалды. 6 мың тұрғыны бар елді мекен табиғаттың тосын мінезінен бір түнде зардап шекті. Аяқ астынан жауған қарлы бұршақтан жұрттың бау-бақшасы оталып, ауыл ішін су басты. Оқиға орнынан тілшіміз баяндайды.
Ауылда кешеден бері аудандық төтенше жағдайлар комиссиясы жұмыс істеуде. Тұрғындардан бөлек жақын маңдағы шаруашылықтар да зардап шеккен көрінеді.
Рауан ДИӘЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Батыс Қазақстан облысының Дариян ауылында бұршақ жауып, тұрғындар зардап шекті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55685/)