Осыдан 25 жыл бұрын 13-шілдеде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған болатын. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін берік жүйе қалыптасты. Ұлттық қауіпсіздік органдары талай қауіп-қатердің алдын алып, лаңкестік әрекеттердің жолын кесті. Бүгін Мемлекет басшысы айтулы күнге орайластырған шараға қатысып, қауіпсіздік қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы қауіпсіздік қызметкерлеріне алғысын білдірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55717/)