Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енген өзгеріске сай, енді көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін мүгедектер де көлік басқару құқығынан 3 жылға айырылады. Ал, жүргізуші куәлігінің мерзімі біткен жағдайда, оны айырбастау үшін қайта емтихан тапсырылмайды.
Енді, полицейлердің іс-әрекетін тіркеу үшін көлікті тоқтатқан жағдайда жүргізушілердің фото және бейнежазба жүргізуге құқығы бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде ертеңнен бастап жол жүрісі ережелеріндегі өзгерістер мен толықтырулар заңдық күшіне енеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55747/)