Өскеменде Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов атындағы жол қозғалысы инспекторларының республикалық слеті аяқталды. Шараға еліміздің барлық облыстары мен Ресей және Қырғызстаннан 200-ге тарта оқушы қатысты. 17-ші жыл қатарынан өткізіліп отырған бұл шараның балалар үшін берері көп.
«Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтап, түрлі апаттың алдын алуда таптырмас тәжірибе жинаймыз», – дейді мамандар. Байқауда Қызылорда облысынан келген команда жеңімпаз атанды. Ал, халықаралық деңгейдегі сынақта қазақстандық топ екінші орынға тұрақтаса, ресейлік жас инспекторлар үздік танылды.
Жанболат САНИЯЗ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өскеменде жас инспекторлар байқауы мәресіне жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55804/)