Енді айдынды Алакөлге асыққан халық Астанадан және Талдықорған қаласынан ұшақпен қатынай алады. Осылайша, араға 25 жыл салып, ауданның азаматтық авиациясы жанданды. Әуежай құрылысына облыс бюджетінен 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген. Тасымалдаушы компания аптасына 4 рет Астана-Үшарал-Астана және аптасына үш рет Талдықорған-Үшарал-Талдықорған бағытында рейстер бекітпек. Республикалық және жергілікті бюджеттен 177 млн. теңге субсидия бөлініп, билет бағасы тұрғындарға қолайлы етілді. Жаңа әуе рейсі өңірдегі туризм саласын дамытуға айтарлықтай үлесін қоспақ.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Алматы облысының Үшарал қаласында жаңа әуежай ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55823/)