Елімізде медицина саласы мейлінше дамып келеді. Бұл туралы алматылық дәрігерлермен өткен кездесуде Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова айтты. Оның сөзінше, қазір соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған кез келген емхана халыққа қажетті ем-дом жасай алады. Сондай-ақ, ақ халаттылардың да біліктілігі артып келеді. Бұған олардың үнемі тәжірибелерін жетілдіріп, шетелдік әріптестермен тығыз байланыс орнатуы себеп. Мәселен, депутат жүздескен №12 қалалық емхана ұжымы бүгінде 60 мыңнан астам адамға тегін медициналық көмек көрсетеді. Медициналық сақтандыру жүйесі бойынша мұнда тіркелгендер де көп.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәжіліс депутаты дәрігерлермен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55863/)