Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі күні 2 млн-ға жуық зейнеткер зейнетақыны жаңа заңға сай бекіген көлемде алды. Ол үшін бюджеттен 50 млрд. теңге қарастырылды.
Сондай-ақ, бірінші шілдеден бастап нәрестелі болған отбасылар үшін де бірреттік жәрдемақы көлемі 20%-ға артты. Ал, атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы мен көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы болса, келер жылдан біріктіріліп төленеді.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде зейнетақы көлемі ең жоғары мөлшерде төлене бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55885/)