Алматы облысының Панфилов ауданындағы «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында астыртын жұмыс істеп тұрған ойынхана анықталды.
Заңсыз бизнес нысаны екі қабатты халықаралық телефон станциясының ғимаратында орналасқан. Құпия зал - құмар ойынға қажетті құралдармен толық жабдықталған. Яғни, жедел іздестіру шарасы кезінде покер ойынына арналған 9 үстел, 31 жүйелік блок, 1000-нан астам ойын фишкасы, 100 дана карта, ақша санауға арналған 2 аппарат пен 3 POS терминал тәркіленді. 30 адам ұсталып, уақытша қамауға алынды.
«Мұндай жағдай «Қорғас» аумағында екінші рет қайталанып отыр», - дейді Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қорғас» аумағында заңсыз ойынхана анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/55942/)