![Қазақ радиосының шығармашылық ұжымына Елбасының Алғысы жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_1547.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы өкімге қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін Қазақ радиосының шығармашылық ұжымына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жарияланды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ радиосының шығармашылық ұжымына Елбасының Алғысы жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56/)