«Нұрлы жол» инфрақұрылымдық бағдарламасы аясында 22 учаскеде жол салу жұмыстары жүруде. Жыл басынан бері 112 миллиард теңге игеріліп, 80 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр айтты.
Сондай-ақ, Батыс Еуропа - Батыс Қытай көлік дәлізінің құрылысы толық аяқталған. Биыл жыл соңына дейін 1-2 санаттағы 600 шақырым жол пайдалануға беріледі. Оның ішінде Бейнеу - Ақтау, Алматы - Талдықорған тас жолдары бар. Темір жол бойынша да биыл Алматы - Шу арасындағы қосымша шойын жолдың қалған 59 шақырымы аяқталады. Осылайша, бұл жол учаскесі үлкен жылдамдықта пойыздар өткізе алады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 600 шақырым жол пайдалануға беріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56097/)