Биыл үшінші рет өткізіліп отырған жәрмеңкеге 15 жүк көлігімен 270 тонна өнім әкелінді. Шаруаларға ауыртпалық түсірмес үшін облыс әкімдігі көлік шығындарын өз мойнына алған. Жәрмеңкеде астаналықтарға 40-қа жуық өнім түрі ұсынылды. Олардың арасында Сыр елінің күріші, қауын-қарбызы мен Арал теңізінің балықтары бар. Облыс әкімдігі Астана әкімдігінен қаладағы азық-түлік бағалары жөнінде мәлімет алып, өз өнімдерін 15-20 пайызға төмен бағамен сатты. Мысалы, қалада қызанақтың келісі 200 теңгеден сатылып жатса, жәрмеңкеде оның құны 150 теңге болып белгіленді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56136/)