Бұл жолғы шараның ерекшелігі - алғаш рет мемлекеттік органдардағы бос лауазымдарға ұсыныстар жасалды. 137 жұмыс орны бойынша азаматтардан түйіндеме қабылданды. Оның 20-ы - басшылық қызмет, 6 лауазым - құқық саласы бойынша болса, 20 орын - сот орындарына тиесілі. Жәрмеңкеге жалпы, 30 мекеме қатысты. Мәселен, облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне тіс дәрігері, фтизиатр, хирург, терапевт мамандар қажет. Сондай-ақ, ағылшын тілі, орыс тілі, физика, химия, математика пәндерінің мұғалімдеріне сұраныс жоғары. Білімі мен біліктілігі сәйкес келетін осы мамандықтың иелері мен әкімшілік қызметке жолдама алғандарға арнайы кеңестер берілді.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56150/)