Алматыдағы ұшақ апатынан қайтыс болған Азаматтық авиация академиясының студенті Айдар Әбішевтің отбасына 1 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Бұл туралы аталған академияның проректоры Шәміл Берішев айтты. Естеріңізде болса, 10-тамыз күні «Технам 2002» ұшағы Алматыдан 43 шақырым жерде құлап, 2 азамат қайтыс болған еді. Бірі Азаматтық авиация академиясының курсанты Айдар Әбішев, екіншісі Украина азаматы, нұсқаушы-ұшқыш Сергей Курченко. Қазірде оның да жақындары Киевтен келген. Марқұмның мәйітіне әлі де ДНК тексеру жүріп жатыр. Сараптама аяқталған соң марқұмның денесін Украинаға жеткізу шығындарының барлығын академия төлейді.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыдағы ұшақ апатынан қайтыс болған студентке қаржылай көмек көрсетілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56175/)