Тастанды қыздың тағдыры не болатыны әлі белгісіз. Астанада түн ортасында көшеде табылған Милананың болашағы Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Бәлиеваны да алаңдатып отыр. Ол 3 жасар қыздың хал-жағдайын білу үшін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды. Зағипа Бәлиева баланың тағдыры Соттың шешіміне байланысты екенін мәлімдеді. «Вячеслав Гераськоның шынымен оның әкесі екені дәлелденген күннің өзінде бірқатар талаптар бар», - дейді ол. Сондықтан, Милана ата-анасына жақын арада қайтарылмауы мүмкін.
Альбина ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Милананың тағдыры не болатыны белгісіз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56248/)