Мәселені шешу үшін басқа өңірлерден жұмыс күшін тарту керек. Бұл ұсыныс Жайық өңіріне барған Парламент Мәжілісінің депутаты Шавхат Өтемісовтің еңбек ұжымдарымен кездесуінде айтылды.
Ағаш ұсталары, тас қалаушылар, темір шеберлері, дәнекерлеушілер – қат мамандықтар. «Бұл түйткілді жұмыссыздық мәселесі өткір тұрған оңтүстік өңірлерден жастарды шақыру арқылы шешуге болады», - дейді депутат. Елбасының жалпыға бірдей тегін кәсіптік білім беру бағдарламасының түпкі мақсаты да осы. Кездесуде сондай-ақ, өндіріс орындарының бас ауруына айналған - тендер мәселесі де көтерілді. Мемлекеттен тұрақты тапсырыс бар. Бірақ, оларды сапалы жүзеге асыру үшін тендерде көрсетілген мерзім қолбайлау болып отыр.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Орал кәсіпорындарында қарапайым жұмысшылар жетіспейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56283/)