Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы осылай дейді. Ал, осы бағытта жұмыс істеуге «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағдар бере алады. Президенттің мақаласында айшықталған мақсат-міндеттер қоғамның дамып, жаңғыруына бастайды. Ғылыми конференцияға қатысушылар бағдарламаны орындаудың жолдарын талқылап, өзекті мәселелердің шешімін табуға талпынды.
Жиында сөз сөйлеген Премьер-Министр кеңсесі басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров қазіргі аумалы-төкпелі заманда барлық елдер ертеңін ойлап, сананы да, саясатты да, бағытты да жаңғырту қажет екенін түсінетінін атап өтті.
Альбина ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандықтардың 82 пайызы ел өмірінде өзгеріс қажет деп есептейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56342/)