Қарағандыдағы «Достық үйінде» Конституция күніне орай өткен салтанатты шара кезінде жас жұбайларға неке куәлігі табысталды. Оларға алтын той иелері жылы лебіздерін білдіріп, ақ жол тіледі. Сондай-ақ, осы күні бірнеше оқу озаттары, пәндік олимпиадалар мен білім сайыстарының жеңімпаздарына жеке куәлік табысталды. Бұған қоса, облыстағы этно-мәдени бірлестік өкілдері мен өнер ұжымдары концерт қойды. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Ерлан Қошанов түрлі салада жұмыс істеп жүрген үздік қызметкерлерді марапаттады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда Конституция күніне орай өткен салтанатты шара кезінде жас жұбайларға неке куәлігі табысталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56421/)