«Ата заң – елдегі тұрақтылықтың негізі». Осындай атпен еліміздің Ұлттық музейінде дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысушылар бұған дейін заман ағымына қарай бірнеше рет өзгерген Конституцияның тарихын саралады. 1995 жылы 30-тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданған Ата заңның ерекше тұстары талқыланды. Сол кезде басты құжатты әзірлеуге атсалысқан мамандар дамыған озық елдердің конституциялары жан-жақты зерттелгенін айтты. «Қазақстанның Ата заңы көбіне Францияныкіне ұқсас», - дейді олар. Сондай-ақ, басқосуда Конституцияның ел дамуындағы ерекше рөлі аталып өтті.
Бақытжан ОМАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Конституция – мемлекет тұрақтылығының кепілі» атты дөңгелек үстел өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56424/)