Бүгіннен бастап еліміздегі Іскер әйелдер қауымдастығы жанында «Жас қанаттар» деп аталатын жас кәсіпкерлер ұйымы жұмысын бастайды. Оған 18-35 жас аралығындағы кәсібін енді бастаған қыз-келіншектер мүше бола алады. Бүгін Астанада басталған халықаралық бизнес-конференцияда олардың бастамасын одан әрі дамыту жолдары талқыланды. Қазіргі күні елдегі ішкі жалпы өнімнің 40 пайызы кәсіпкерлердің үлесінде. Қазақстандық іскер қыз-келіншектер бұл көрсеткішті 70 пайызға жеткізуге қауқарлы екенін айтып отыр. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 350-ден астам қыз-келіншек кәсіпкерліктің табыс кілтін табудағы құпиясымен бөлісті.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Іскер әйелдер ассоциациясы жанынан жас кәсіпкерлер ұйымы жұмысын бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56428/)