Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан жәрмеңкеге Оңтүстік Қазақстан облысынан 60-тан астам өндіруші келген. Өнеркәсіптің сан саласын қамтыған жәрмеңкеге келген тұрғындар саны көп.
Фармацевтика, азық-түлік, жиһаз өндірісі, жеңіл өнеркәсіп компаниялары 200-ге жуық өнім түрін ұсынып отыр. Айта кетейік, тауардың бағасы нарықтағыдан едәуір арзан.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Оңтүстік Қазақстан облысы тауар өндірушілерінің көрмесі өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56451/)