Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында метан газының тарауынан уланып, қаза тапқан 3 кеншінің аты-жөні белгілі болды.
Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі марқұмдар туралы ақпарат берді. Қайғылы оқиға бүгін таңғы 4 шамасында орын алған. Деректер бойынша, шахтада барлығы 136 адам болған. Ал, апатты учаскеде 3 жұмысшы қалған.
Таңғы 5:30-да шахта қызметкерлері марқұмдардың денесін тапқан. Қазір кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің мамандары оқиға орнында жұмыс істеуде.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында қаза тапқан 3 кеншінің аты-жөні белгілі болды (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56453/)