Астанада мектеп жасындағы алты ересек бала мектеп табалдырығын мүлдем аттамаған. Қалалық Ішкі істер департаменті арнайы тексеру өткізіп, осындай олқылықтарды анықтады. Жасөспірімдердің үлкені 17 жаста болса, кішісі 7-де. Тәртіп сақшыларымен бірге осы рейдке барған арнамыздың түсіру тобы балғындардың биыл оқитынына үміт артып келді.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ