Талдықорғандықтар қасиетті Құрбан айт мерекесін ерекше бір құрметпен атап өтуді дәстүрге айналдырды. Айт күндері қалада 70 такси қалың жұртқа тегін қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, бұл діни мейрам ұлттық ойындармен ұласып, жетісулық жамағат ат жарыстырып, балуан күрестіріп, арқан тартысып көңіл көтереді. Мұндағы мақсат - игі амалдар мен жақсылыққа шақыратын Құрбан айт мерекесінің мәнін тереңдетіп, мәртебесін асқақтату.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Құрбан айтқа жетісулықтардың құрметі ерекше&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56493/)