Биыл алғаш рет қоғамдық кеңестердің алғашқы республикалық мәжілісі өтеді. Бұл туралы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі мәлімдеді. Министрлік қоғам мен билік өкілдерін байланыстыру үшін кездесу кестелерін әзірлеп қойыпты. Мұндай жиындарда үкіметтік емес ұйымдардың тиімді жұмыс істеуі үшін қажет қадамдар қарастырылмақ. Сондай-ақ, биыл үкіметтік емес ұйымдарға сыйлықақы тағайындалады. Байқауға қатысу үшін 200-ден астам өтініш түскен екен. Гранттар әлеуметтік жобаларға бөлінеді деп жоспарланып отыр.
Альбина ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы талқыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56580/)