Шығысқазақстандық фермерлер Астанада өтетін жәрмеңкеге 350 тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімдерін әкелмек.
Қыркүйектің 16-17-і күндері өтетін шараға өңірдің 16 ауданы мен Семей және Өскемен қалаларының өнім өндірушілерінің тауарлары ұсынылады. Ет-сүт өнімдері, өсімдік майлары, көкөністер, сонымен қатар, аймақтың бренді саналатын бал мен панта өнімдері жеткізіледі.
Зарина ҰЛЫҚБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қыркүйектің 16-17-і күндері Елордада ШҚО-ның ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56638/)