Бензин бағасы қымбаттады. Үлкен жанармай құю желілерінде АИ-92, яғни, жоғары сұранысқа ие жанармай маркасының литрі 147-149 теңгеден сатылып жатыр. Елімізде АИ-92-нің 30, ал, дизель отынының 15 пайызы Ресейден импортталады. Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстарына тоқтатылуы ұсыныстың азаюына әкеп соқтырды. 20-қыркүйектен бастап Павлодардағы зауыт та уақытша тоқтайды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бағаның қымбаттауына осы факторлар әсер еткен.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жанармай бағасының өсуіне импортқа тәуелділік себеп&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56649/)