Автоматтандыру жүйесі ауыл шаруашылығын алға сүйрейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автоматтандыру жүйесі ауыл шаруашылығын алға сүйрейді

15.09.2017

Осы салада қазір 100 мемлекеттік қызмет бар. Енді олардың барлығы цифрлық жүйеде жұмыс істейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егін департаментінің директоры Ажар Қажыбекова мәлімдеді. Мысалы, субсидияның үш түрін - жерді тыңайту, несие беру және лизинг жұмыстарын тек қана компьютерлік бағдарлама атқаратын болады. Шаруа өтінішті үйінде отырып беруге мүмкіндігі бар. Мұнымен ең бастысы тамыр-таныстыққа жол бермеуге және едәуір уақыт үнемдеуге болады. Ал, осы мүмкіндіктерді қолданып білу үшін шалғайдағы фермерлер мен шаруашылық қожайындары мемлекет есебінен тегін оқытылған.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу