Үздік әлеуметтік жобалар көрмесі Астанада өтіп жатқан әлеуметтік қызметкерлер форумының аясында өтті. Алғаш рет өтіп жатқан форумның пленарлық отырысы түстен кейін Тәуелсіздік сарайында болды. Оған Мемлекеттік хатшы мен Вице-Премьер Ерболат Досаев та қатысты. Форум делегаттары әлеуметтік қызмет көрсетуді жаңғырту тұжырымдамасын талқылады. Айта кету керек, бұл құжат қазір талқылаудан өтуде. Ол қабылданса, бірқатар заңдарға өзгерістер енеді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада әлеуметтік қызметкерлердің форумы өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56872/)