«Қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс». Осындай атпен бүгін елордада халықаралық көрме өз жұмысын бастады. 3 күнге созылатын шара барысында келушілерге әлемнің 12 елінен жиылған 80-ге жуық компания лаңкестік қауіп-қатерлер мен шабуылдарға төтеп беретін соңғы үлгідегі техникалары мен арнайы әскери киімдерін көрсетеді. Көрменің алғашқы күнінен-ақ шараға қызығушылық жоғары болды. Халық әсіресе, адамның бейнесін лезде анықтап, ол туралы ақпаратты санаулы секундтарда экран бетіне шығаратын бейнекамераларға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, шарада кез келген оқты өткізбейтін терезе, жасырын дыбыс толқынын анықтайтын радиотехникаларды тамашалауға болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «Қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс» атты халықаралық көрме өз жұмысын бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/56951/)