Кешегі апатта екі бірдей білікті дәрігер қаза тапты. Оның бірі - жоғары санатты дәрігер, 20 жылдық еңбек өтілі бар, акушер-гинеколог, профессор Патсаев Талғат Анапиұлы. Екінші ақ халатты абзал жан - медицина саласына 40 жылға жуық өмірін арнаған реаниматолог, профессор - Артықбаев Жәнібек Түкенұлы.
Қайғылы жағдайда қаза тапқан дәрігерлердің әріптестері мен көмегін көрген науқастар олардың өз қызметтерін қаншалықты адал атқарғанын ағынан жарылып айтты.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұшақ апатынан екі бірдей білікті дәрігер қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/57124/)