Бүгін Астанада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті. Сыйлық үздік ғылыми зерттеулер мен жаңашыл инновациялық идеяларды іске асырғандарға беріледі. Бұл – ұлттың зияткерлік әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосып отырған жоба. Биыл аталған сыйлықты алуға барлығы 24 жұмыс ұсынылса, оның 11-і екінші кезеңге өткен.
Айта кетейік, Қазақстан Президентінің Жарлығымен тағайындалған сыйлық екі жылда бір рет беріледі. Жүлденің жалпы қоры 20 миллион теңгеге жуық.
Жандар АСАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/57214/)