Астана қаласы Ішкі істер департаментінде өткен семинарда тиісті ақпарат жария болды. Былтыр осы бап бойынша 702 іс тіркелген. Оның 681-і қылмыстық сипаты болмағандықтан тоқтаған. Осы қасіреттің алдын алуға арналған жиынға прокуратура, білім басқармасы, психологтар қатысты. Олардың ойынша, өз-өзіне қол жұмсайтындардың дені - жасөспірімдер. Сондықтан, мұндай жиындар індеттің бетін қайтаруға сеп болмақ.
Қайрат Артықов, қалалық ІІД тергеу басқармасының бөлім басшысы:
- Бүгінгі таңда өз-өзіне қол салушылар жасөспірімдер арасында, кәмелетке толмағандар бар. Әлеуметтік жағынан алсақ, материалдық жағдай, отбасында болатын жанжалдар әсерінен.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жыл сайын Елордада 700-ден астам адам суицид жасауға бекінеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/57331/)