«Қазақстан темір жолына» кіретін «Жолаушылар тасымалы» компаниясы жыл сайын жолаушыларға арналған 50 «Тұлпар-Тальго» жүрдек вагондарын сатып алуды жоспарлап отыр. Осылайша, ескі Испан вагондарын жаңасына алмастыратын болады.
Сондай-ақ, алдағы жылы көмір мен кен тасымалдайтын 1300 ашық және транзиттік контейнерлік тасымалдар үшін 3 мың вагон шығару жөнінде арнайы жоспар бар. Бұл мақсатқа шамамен 70 млрд. теңге инвестиция тартылған. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 7 мың жұмыс орны бар 39 отандық компания жұмылдырылмақ.
Нұрбек Қабижан, ҚР ИДМ Көлік комитеті темір жол көлігі басқармасының жетекшісі:
- Осы жылдың аяғына дейін 62 тальго вагондары сатып алынады. Ол вагондар қаңтар айынан бастап Астана-Ленинагорск қатынасы бойынша ескі вагондарын алмастыратын болады.
Елдос САПАРҒАЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Жолаушылар тасымалы» жыл сайын 50 «Тұлпар-Тальго» вагондарын сатып алуды жоспарлап отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/57555/)