Әлеуметтік желілерде жедел жәрдем қызметкерінің ерсі әрекеттері түсірілген бейнежазба халық наразылығын тудырды. Видео авторының сөзінше, науқастың шақыртуына келген мейіргердің көліктен түсуге шамасы жоқ. Оқиға кеше таңертеңгі сағат 7:30-да болған. Бригаданың өзі науқастың үйіне шақыртудан кейін 1 сағаттан соң ғана жетіпті. Ал, Астана Денсаулық сақтау басқармасындағылардың мәлімдеуінше, осы жағдай бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде. Тексеріс кезінде оқиғаның басты кейіпкерлері жұмысынан уақытша босатылды.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жедел жәрдемге қатысты тексеріс жүріп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/57614/)