Әлеуметтік желілерде жедел жәрдем қызметкерінің ерсі әрекеттері түсірілген бейнежазба халық наразылығын тудырды. Видео авторының сөзінше, науқастың шақыртуына келген мейіргердің көліктен түсуге шамасы жоқ. Оқиға кеше таңертеңгі сағат 7:30-да болған. Бригаданың өзі науқастың үйіне шақыртудан кейін 1 сағаттан соң ғана жетіпті. Ал, Астана денсаулық сақтау басқармасындағылардың мәлімдеуінше, осы жағдай бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде.
Лаура Ахметниязова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры:
- Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының мәліметінше, 2 фельдшер мен жүргізуші қызметінен босатылды. Жедел жәрдем станциясы басшылығына қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Оларға қатысты тиісті шаралар тергеу аяқталған соң ғана қолданылатын болады.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жедел жәрдемге қатысты тексеріс жүріп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/57636/)