Еліміздің барлық шекара периметрі бойынша жоспарлы операция әлі де жалғасып жатыр. Қазақ-қырғыз шекара бекетіндегі жағдай да қалыпты. «Қордай» мен «Қарасу», «Сары төбе» мен «Ауқатты» бекеттері де қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр.
Екі жаққа да көлікте, азаматтар да емін-еркін өтіп жатыр. Жағдай қалыпты. Алайда, заңбұзушылықтарда бар. Осы аптада шекарадан есірткі тасымалдаған екі адам ұсталды. Сондай-ақ, біздің ел арқылы алпыс ұрланған ұялы телефон алып өтпек болған азамат жауапқа тартылды.
Мирас МҰҚАШ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай бірқалыпты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/57686/)