Балаларға - базарлық! «Balapan» телеарнасы халықаралық анимация күнін атап өтті. Кешке арнада көрсетіліп жүрген анимациялық мультфильмдердің кейіпкерлері қатысып, балақайларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, кішкентай көрермендер арна жүргізушілерімен кездесіп, олармен жақынырақ танысты. Шарада бүлдіршіндер би билеп, өнерлерін көрсетті. Жалпы, «Balapan» телеарнасы 7 жыл бұрын ашылғанымен де, осы уақытқа дейін 30-дан астам анимациялық туынды дайындап үлгерген. Ал, Қазақстанға бұл сала кешеуілдеп келгенімен, қарқынды дамып жатыр. Бүгінде әр мультфильм бір жылға жуық уақыт аралығында әзірленеді.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Balapan» телеарнасы халықаралық анимация күнін атап өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/57740/)