Девиантты мінез-құлықты жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу және жазасын өтеп шыққандарды қоғамға бейімдеу. Елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасы осындай жобаны қолға алды. Мақсат - өскелең ұрпаққа тура жол сілтеп, олардың көшбасшылық қабілетін арттыру. Жоба аясында бірнеше айда ондаған шара ұйымдастыру жоспарланған. Солардың дені - жалпыға ортақ ережеге бағынғысы келмейтін жас буынмен психологиялық семинар-тренинг өткізу. Оларға білікті лекторлар, «Болашақ» қауымдастығының түлектері, консалтинг компаниялардың жетекшілері және бизнес-тренерлер дәріс береді. Жалпы, мұндай шараға 1500 жас тартылады.
Асхат Оралов, Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:
- Өзекті мәселелердің бірі - девиантты құлық мінезді жастар. Басқарма тарапынан 10 айда 31 шара өтті. Оның ішінде семинар тренингтер болды, бейресми кездесулер өтті. Заңгерлермен, психологтармен кездесу өткізіп, біраз ақпарат жеткіздік.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жалынды жастар – Қазақстанның болашағы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/57864/)