Қаңтардың 1-нен бастап еңбекті зейнетақы 8 пайызға, ал, базалық зейнетақы және басқа да жәрдемақы түрлерінің көлемі 6 пайызға өседі. Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтты. Оның сөзінше, жаңа жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі де өзгеріп, 28 284 теңгеге дейін көтерілмек. Бүгінде елімізде 2 миллионнан астам адам базалық зейнетақы алып отыр. Келер жылдан бастап оны тағайындаудың әдіс-тәсілдеріне де өзгерістер енгізілмек.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=1 қаңтардан бастап зейнетақы 8%-ға өседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/57924/)