Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінде «Үкімет пен азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арасында штаб-пәтер туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы талқыланды. Өзара ынтымақтастық туралы құжат биыл 2-мамырда бекітілген болатын. Оған сәйкес, елімізде азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының штаб пәтері ашылуы тиіс. Сол арқылы саладағы сұрақтар толықтай шешімін таппақ. Қазірде бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлініп, келер жылы жоспарлы жұмыстар басталмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенатта азық-түлік қауіпсіздігі талқыланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/57926/)