![Теңге бағамының өзгеруі экономикаға серпіліс береді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_74811.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан - Орталық Азияның лидері. Экономикасы қарқынды, даму үрдісі тұрақты және болашағынан зор үміт күттіретін мемлекет. Сондықтан, доллар бағамының артуы ел экономикасына серпіліс береді. Бұл - Түркияның беделді экономисі Селахаддин Тогайдың пікірі.
Қазақ елінің экономикасы ашық нарықтық экономика негізінде өрлеп келеді. Түрік бауырлардың да бұл саладағы ұстанымы - осындай. Экономикалық даму көрсеткіштері бойынша әлемде 15-ші орында тұрған Түркияда да жақында ұлттық валютасы лираның долларға шаққандағы бағамы артқан.
Селахаддин Тогай, экономика ғылымдарының докторы:
Бізде осыдан 1,5 ай бұрын ғана лира 15 пайызға түсті. Доллардың көрсеткіші бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Сіздердің елдеріңіздегі жағдай біздікімен салыстырғанда, бөлек. Біз - экономикасы дамыған мемлекетпіз. Сіздер әлі дамып келе жатырсыздар. Түркияда кезінде ұлттық валютаны тұрақтандыру үшін түрлі шаралар қабылдады. Менің айтқым келетіні, бұл жағдай кез-келген дамушы мемлекетке тән қасиет. Халықтың да жағдайын түсінуге болады. Бірақ, егер ел болашағына алаңдаулы болсаңыздар, онда түсіністікпен қарау керек. Қалыпты экономикалық жағдайда отыра бермей, алға ілгерілеу қажет.
Бақытжан ОМАРОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Теңге бағамының өзгеруі экономикаға серпіліс береді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/5794/)