Көкшетауда жаңбыр жауып, қар түскенде асфальт төселген. Жұмысшылардың бұл әрекеті тұрғындардың наразылығын тудырды. Себебі, сапасыз асфальт қопарылып жатыр, «қыруар қаржы далаға кетті», - дейді ашынған жұрт. Биыл Көкшетауда бірнеше көпқабатты үйдің аулалары жөнделді, жұмысты мерзімінде аяқтап үлгермеген құрылысшылар ылғалды жерге жол салған. Құрылысшылардың заңсыз әрекетінен жергілікті билік хабардар. «Асфальт төсеу жұмыстары биылға тоқтатылды», - дейді олар.
Базаржан Бейсенов, қала тұрғыны:
- Асфальтты жаңбыр жауып, қар түскеннен кейін судың үстіне салды. Қазірдің өзінде басылып, үгітіліп жатыр. Ертең көктем кезінде тіптен отырып, ой болып қалады.
Асқарбек Тоқанов, мердігер компанияның өкілі:
- Халықтың сынына шара қабылдаймыз. Осы жетінің аяғына дейін айтылған сын бойынша жұмыс жасап, түзеп береміз.
Ермек ЕЛБЕРГЕН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көкшетауда қар түскенде асфальт төселген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/57941/)