Бұл туралы «Жер қойнауын пайдалану туралы» заң жобасы қаралған Мәжілістің бүгінгі отырысында айтылды. Белгілі болғандай, еліміз геология саласын реттеу бойынша 104 мемлекеттің ішінде 74-ші, ал геологиялық тартымдылығы жағынан 45-ші орында тұр. Бұл олқылықтың орны аталған заң жобасының қолданысқа енуімен толады. Себебі, құжат аталған саланың ашықтығын қамтамасыз етіп, барлық пайдалы қазба үшін келісімшарт жасасуды оңтайландырады. Сондай-ақ, инвестициялық климат жақсарып, инвесторлардың Қазақстанға қаржы салуы артады.
Айта кетейік, палата депутаттары «Жер қойнауын пайдалану туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Досымжан ЕРМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда әлемдік деңгейдегі 15 кен орны ашылуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/57988/)