Астанада әлемдік сарапшы Джон Шоулдың бизнес-семинары өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада әлемдік сарапшы Джон Шоулдың бизнес-семинары өтеді

14.11.2017

«Астанада бірінші дәрежелі қызметті қалай құруға болады?». Бұл туралы қарашаның 19-ында әлемдік сарапшы Джон Шоул айтады. Ауқымды бизнес-семинар Астанада өткізіледі. Онда сан түрлі саладағы сервисті қалай дамыту керектігі кеңінен баяндалмақ.

Америкалық сарапшы қызметтік стратегияны енгізу бойынша жаһанның жетекші компанияларына 40 жылдан астам уақыт келелі кеңес беріп келеді. 1979 жылы персоналдың клиенттермен жұмыс істеуі бойынша әлемдегі алғашқы оқыту бағдарламасын түзген.

Джон Шоул, сарапшы:

- Мен Қазақстанда бұған дейін бірнеше рет болғанмын. Бұл - керемет ел. Мен Сіздердің жерлеріңізде өткізетін ауқымды семинарды өте асыға күтіп жүрмін. Сапалы сервис стратегиясы туралы кеңінен баяндауға ниеттімін.

Қазақстанда сан сала бойынша қызмет көрсету сапасы сылбыр екені жасырын емес. Сын жұқтырмас үшін Джон Шоул сияқты сарапшылардың тәжіриесіне иек артқан игі де шығар. Бірақ, алдағы уақытта сервисті дамыту мақсатында әуелі Астанада қатаң талап орнауы мүмкін.

Жанар Жолдасбаева, Қызмет сапасы академиясының басшысы:

- Осындай мақсат қояйын деп отырмыз. Қонақ үй басқа да нысандар ашатын кезде ең алдымен сертификатталау керек. Соны өткеннен кейін сертификатқа сай, әлемдік стандартқа сай қызмет жасауы керек.

Жалпы, Джон Шоул негізін қалаған компанияның бағдарламасы бойынша дүниежүзінің 40 елінде 2 миллионнан аса адам оқытылған. Осыны ескерсек, әлемдік сарапшыдан үйренеріміз көп сияқты. Бірақ, ол үшін қалтаңыз да жұқа болмауы керек. Өйткені, Шоулдың семинарына бір билеттің құны 50 мың теңге тұрады.

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу